Цирк қоғам
(Баллада)
Жарамсақтық жаралғалы жарысқан,
Өтірігі һәм шындығы алысқан.
Жолақ-жолақ жолбарыстар мысық боп,
Цириктерде би билейді арыстан .
Толқындар
Толқындар асығып,
Жетеді жағалауға.
Бірі шаттықпенен,
Бірі қайғыменен.
Бірі күрсінуменен,
Бірі бәрін түсінуменен.
Өмір-кітап
Боз шапандай көнеріп тозды күнім,
Тынышы аз ұйқысы азды түнім.
Мұқабасы мүжілген өмір-кітап,
Парағына бір өлең жазды тілім.
Шабыт, өмір...
Жаралғанда жалын жырлар жақұттан,
Шерім менің шөлін басқан шабыттан.
Жалғыз шұмақ өлеңменен өмірдің,
Төсіндегі түймелерін ағытқам.