Тұр екен бәрі Құранда...
Іздедім, шарлап, шындықты,
Опасыз мына өмірден.
Тауларға барып сұрап ем,
Ол мылқау екен көмілген.
Келіп едім күлем деп
Өмір атты өлкені мен мекендеп,
Бақыт іздеп жүргенімде жетем деп,
Зағип жанды көрдім дағы ойландым,
Менің көзім сенікі ме екен деп?
Жусаныңа айналам
Көктем келсе бүршіктермен бүр атам,
Көктің бұлтын көкейімде жылатам.
Қырқасында қыраттардың құлпырған,
Қырдың қызыл қызғалдағын ұнатам.
Адамдарға
Адамдармен тілдесем,
Адамдармен жүздесем.
Адамдармен алысып,
Адамдармен бірге өсем.