Мұхтар Шаханов

Ақын Құрал Көмектің Түркиядағы Шанаққаланың жүзжылдығына арнап жазған «Сенім жеңсі» поэмаснда Сейіт деген азаматтың өсу, толысу кезеңдері жан-жақты суреттеледі. Кейіннен Сейіттің рухсыздық арқалаған жауға қарсы елдік, ұлттық мүдде жетегінде дара мінез көрсеткендігі ақындық сезім аясында баяндалады.

         Қазір көптеген мемлекеттерде және біздің елде де материалдық байлықтың, спорттың, жеңіл әндердің бірінші қатарға шығып, адамды адам ететін рухани құндылықтардың ең кейінгі қатарға ысырылуына орай, қалың қауымның түсінігі де, бір-бірін түсінуі де үлкен өзгеріске ұшыраған. Осыған орай, мен мынадай жаңа ұстаным жарияладым: «Кім шындығын жоғалтып алса, «ақты - ақ, қараны - қара» деп айта алмаса, яғни, сөзі басқа, ісі басқа болса, және елдік, ұлттық мүддеге терең тамыр жібере алмаса, мейлі ол жүз жерден үлкен жазушы, үлкен ақын, үлкен ғалым, үлкен саясаткер болсын, ол өз халқының шындықтан бойын аулақ салған, рухани мазмұнсыз, мағынасыз перзенті».

Осы шағын поэманың авторы Құрал Көмекті де сол биіктен көрер болайық.

Зинаида Савина

...Поэма «Я – сын степи» - это грандиозное полотно, на котором запечатлена панорама истории своей страны, где автор, сродни живописцу, использует как широкие, свободные мазки, так и точечную, детальную прорискову сюжетной линии.

         Курал Комек нашел точную форму задуманному содержанию поэмы – он использует лирического героя трансвременного звучания, делает его транзитным: от истоков до текущего дня. И в этом сквозном контексте ему вольготно мыслью и чувством. «Берет с меня начало горький век» - в данном утверждении заложена авторская программа причастности ко всему и ответсвенности за все. В поэме удивляющие отчетливо звучит эта тема – взаимосвязанности, взаимообусловленности себя и своего народа, причастности ко всему, чтопомечено словом «казах». И не будет преувеличением сказать, что чувству высочайшей гордости за этнос, представителем которого ты являешься, можно учиться именно у курала Комека на примере его поэмы «Я – сын степи».

         ...Что хочется отметить особо – величайшее жизнеутверждающее звучание поэмы! Она – гимн не только своему народу, человечеству, но жизни в целом.

 

Зинаида Савина

литератор, журналист.

Әбілда Аймақ

Шымкенттік ақын, ұлтымыздың жанашыры, Құрал Көмектің «мен – даланың ұлымын» атты толғау-панорамасы еркін тыныспен, өзіне тән ерекше серпінмен жазылған жаңа жыр. Панорамада ақынның лирикалық кейіпкері – түркі тектес қазақ. 500 жолдан асатын аса ауқымды мәселені көтерген толғау-панорама Қазақ мемлекетінің мәртебесін асқақтатып, жаңа заманның жаңа тарихын толғайды, болашақтың иесі жастарымызды елжандылыққа, ұлтын сүюге, патриоттық тәрбиеге баулиды. Бастан-аяқ үлкен жүрекпен, оптимистік жалындаған сезіммен жырланған толғау-панораманы оқып шыққан кісі, шынында да, өзінің қазақ болып туғанына қуанады. Жалғыз қазақ елінің ғана емес, бұл жыр – бүкіл түркі әлемінің ортақ қазынасына айналғалы тұрған шығарма.

                                                            Әбілда Аймақ,

Жазушылар одағы ОҚО филиалының

директоры, Халықаралық Физули

сыйлығының лауреаты, ақын.

Ирфан Йылдыз.

...Жазушының қазақ түріктерінің өткенін, бүгінін, келешегін және мәдениетін сүйсінерлік және мақтанышпен жазуы оның бір Отансүйер, зиялы қазақ ұрпағы екендігін көрсетіп тұр. Бұл шығарма барлық Түрік Дүниесінің жасы үлкен нәсілдері үшін бір қуаныш және мақтаныш қоры болуымен қатар жас нәсіл үшін де жақсы бір үлгі болып тұр.

         ... «Мен – даланың ұлымын» атты шығарма Түркие Тоқат мәдениет Қоғамы басшылығы тарапынан да оқылып, талқылауға алынған. Бұл шығарма Түрік Дүниясы оқытушылары, оқушылары және азаматтары үшін пайдалы болатындығын түсініп отырмыз. Бұл шығарманың ең жақын арада басылымнан шығып, Түрік Дүниесіне жайылуында еңбек еткен барлық кісіні құттықтаймыз!

18.03.2013, Ирфан Йылдыз.

Тоқат Мәдениет Қоғамының бастығы,

«Күмбет» атындағы Әдебиет, Мәдениет,

«Өнер» журналының Бастығы. (қолы)

(Түркия Республикасы Тоқат Мәдениет Қоғамының МӨРІ)

Тоқат/Түркике