Күз эллегиясы
Желіккен жел бұлт айдап
жаңбыр бүркіп,
Орман тоғай шайқалды
басын сілкіп.
Көңіл жүдеу жалаңаш
жас бұталар
Армандарын жоғалтқан
үміт үркіп.
Бұлт туралы бұлдыр ой
Бұлт болсам, бұлқынып шөлге кетер ем,
Шөліркеп жатқан шөліме сел боп жетер ем.
Тамшы болып таңдайына тамам да
Талықсыған құм кеудесін көтерем.
Қарлығаштың қатыгездігі
Сан ғасырдың санасында
қарлығаштың есімі,
Нәзіктіктің рәмізі
хақ тағала шешімі.
Жасыл көктем, кең дала
құшағымда қызғалдақ
Ақша бұлттар төбемде
жас сәуірдің бесіні.
Сакура гүлдегенде
Сакура – декаративті ағаш. Гүлі ақтан ақшыл-күлгін түске дейін болады. Сакураның жылдық гүл жаруы негізінен 1 аптаны құрайды.
Сакура жапон және жапон мәдениетінің символы ретінде қаралады. Бұл үрдіс ерте заманнан-ақ келе жатыр. Жапондар үшін сакура гүлі - өмірдің тез ағысын және нәзіктігін сипаттайды. Жыл сайын 27 наурызда Жапонияда сакураның гүлдену мейрамы күні аталып өтеді.