Қурай
Сызылтқан мен де сырнаймын,
Даламды желдей жырлаймын.
Жусаныма да жалғыз түп,
Өлең –жырымды арнаймын.
Сағыну
Сен маған аппақ таңсың, аңсағаным,
Сен деймін сергітетін таң самалын.
Өзіңді сағынумен күн кешемін,
Басылар сені көрсем шаршағаным.
Алдымнан күліп шықсаң сен
Тұныққа батып
Аспанға қалқып шыққан мең,
Жырақта жүріп
Жылылық күшін ұқсам мен.
Жолыма менің
Жұлдыздар шамын жаққанда,
Ақ көйлек киіп
Алдымнан күліп шықсаң сен.
Алатауға
Алатаудың басында сеңсең бөрік,
Тұлғасы -- дию батыр, көрсең келіп.
Иығында ақ шапан жамылғаны,
Тізесінде бұлтты алған кемсеңдетіп.