Сендік сезім
Өзіңді-өзің жылатпағын, жасқама,
Жүрек сөзі біле білсең бас баға.
Мөлдірімді таптым сенен іздеген,
Ұқсамайтын бұл дүниеде басқаға.
Күзің бөлек, көктем бөлек сендегі,
Теңеспейді барлық сезім жердегі.
Сендік сезім көк тәңірден келді-ау,
Арманыма қанат байлап мендегі.
Сендік сезім таң шығының талғамы,
Өкінішті емес өмір жалғаны,
Сені құшқан күндерімнің барлығы,
Шын бақыт та жәй өмір қалғаны.
Ай да бөлек, түн де бөлек сен жақта,
Асқынатын дертім бар ғой сен жоқта.
Бірге тыныс алған сәтте өзіңмен,
Бір ғажайып қонар келіп бірақта.
Жауабы жоқ көп қой әлі сұрақта,
Махаббатсыз өмір бізге мұрат па?
Екеумізге серік болған шуақтар,
Жылы жақтың көктеміндей тұрақта.