Нүктесі қайда фәнидің
Қара орманға қар түсті,
Келсе де көктем кетпейтін.
Жүрекке мұз боп ой түсті,
Жалғанды қусаң жетпейтін.
Суретші
Өмірде екі түс бар ақ пен қара,
Екеуіне әрқашан сақпен қара.
Суретшінің қолында қыл қаламы,
Ақты қара, қараны ақ етер
Пендеміз
Аспанда емес,
Жердеміз ғой, жердеміз.
Бірімізден – біріміз,
Асып кетті зердеміз.
Оймен емес,
Тоймен жүрміз жарысып.
Менің күйім...
Жалықтым:
Жалаңаш жарнамалардан,
Жаңылтқан телеарналардан,
Ойсыз орталардан,
Опасыз ордалардан.