Толқындар
Толқындар асығып,
Жетеді жағалауға.
Бірі шаттықпенен,
Бірі қайғыменен.
Бірі күрсінуменен,
Бірі бәрін түсінуменен.
Мен де келем,
Толқын боп.
Беймаза жүрекпенен,
Телегей тілекпенен.
Күндерім күдікпенен,
Таңдарым үмітпенен.
Өмірім мүсіндеген,
Жазамын түсімде өлең.