Пендеміз

 

Аспанда емес,

Жердеміз ғой, жердеміз.

Бірімізден – біріміз,

Асып кетті зердеміз.

Оймен емес,

Тоймен жүрміз жарысып.

 

Білем – білем,

Пендеміз ғой, пендеміз.

Адам болу,

Оңай десе көнбеңіз.

Жанбай жатып,

Шоқпын десе сенбеңіз.

Дарын емес,

Қарын жайын ойлаймыз.

Рас – рас,

Пендеміз ғой, пендеміз.

Мың өліп те,

Мың тіріліп көргенбіз.

Досқа түгіл,

Қасыңа да сенгенбіз.

Дінді, тілді,

Пайда келмес қайтеміз.

Көп болса,

Болды емес пе теңгеміз,

Пендеміз ғой, пендеміз.

Аллаға сен,

Ал адамға сіз деңіз.

Ондай болу,

Қайда енді біз деңіз.

Өзін емес,

Өзгелерді өсірген.

Біздей пенде,

Жер бетінен іздеңіз.

Пендеміз ғой, пендеміз.

Бөгде емес,

Туған жерде - елдеміз.

Өңкей қазақ,

Осыларды жөндеңіз.

Көшке сеніп,

Жүре берсең түзелер.

Батқан күндей,

Бір күндері, сөнбеңіз.

Жөндеңіз, көнбеңіз,

О, біздер деген пендеміз!