Ережесіз төбелес
Менің бабам аңғал және ер еді,
Алласына, алашына сенеді.
Құлан жортқан құба жонды даламнан
Айқастардың от тынысы келеді.
Ұрпағына өсиетін жеткізген,
Шерге шерлі сақтандырған тексізден
Сүйегінде болмасын деп таңбасы
Бабам менің
Ерегісін
Ережемен өткізген.
Махаббаттан мән кетіп
Махаббаттан мән кетіп
Мадырайды мәңгүрттік.
Іріген,шіріген капитализм ед
Жаңғырттық.
Күйкі тірлікті күлтөбеде күн айтып
Тілге,жерге келгенде
Оза шапты салғырттық.
Жыртық шалбар
Жан арбаған салтанатқа жолықтым,
Есігімде жын шайтаны тамұқтың.
Замананың дауылы ма о,сұмдық
Сәнқой заман
Сені көріп қамықтым.
Түсінбедім қарындасым мен сені,
Жыртық шалбар көтере ме еңсені.
Анам байғұс қазақ деген намысшыл
Жыртық шалбар жаман ырым деуші еді.
Тексіздік аксиомасы
Сезбеймісің сен оны сеземісің,
Тексіздерге телініп өсемісің.
Табанына тапталып қорланбағын
Құлқыныңа құйылған көжең үшін.
Тексіздіктің сұм жолы қиқы нала,
Құнарымды қуратып қиқалама.
Сеніменен туыс та дос емеспін
Ұл қызымның басынан сипалама!