Күз эллегиясы
Желіккен жел бұлт айдап
жаңбыр бүркіп,
Орман тоғай шайқалды
басын сілкіп.
Көңіл жүдеу жалаңаш
жас бұталар
Армандарын жоғалтқан
үміт үркіп.
Күз даласы күй кеткен
тіршіліктен,
Жылап бұлақ ағады
сұр шіліктен.
Шаңырағын күйретіп
жарқын жаздың
Кенезесі кепкен түз
күншілдіктен.
Сары қурай уілдеп
күрсінгендей,
Тұңғиықты тұңжырап
түсінгендей.
Марғау қырды мазалап
кәрі жүрік
Ауыл жатыр қымтанып
тірлік өнбей.
Мазалайды меніде
ойлар қонып.
Жапырақтай қалтырап
барам тоңып.
Алмағайып жылдарға
алаңдаймын
Қыр сияқты менің де
бөзім оңып.
Қубас қаңбақ қаңғырған
көңіл қаяу,
Диуана секілді
кезген жаяу.
Боз шағылды бозарған
белден асып
Жалғыз қасқыр барады
жортып баяу.