Қазақтың жер кодексіне жеке көзқарас
Тектіліктің арғысы мен бергісі,
Жерге ,елге қорған болған ер кісі.
Табыну мен жағынудың шеруі,
Тоқыраудың тобырлықтың белгісі.
Капиталды қайта оқып кәсіпкер,
Жекеменшік желдей есті нәсіп бер.
Бабаларым басын тіккен бәйгеге
Жерді сатты әкім-қара жасық ер.
Нарық заңы намыссызға бәрі пұл,
Батыраштың дүниеге жаны құл.
Жер анасын саудалаған пысықтар
Опасыздар ордасының заңы бұл.
Жер дегенде атам қазақ ту тіккен,
Жер дегенде ойлы қазақ у ішкен.
Жер дегенде кектілермен кектескен,
Жер дегенде шенділермен шектескен,
Жер дегенде аласамен алысып,
Жер дегенде биіктермен беттескен.
Жер дегенде тұяқтымен тебіскен,
Жер дегенде жоталымен керіскен,
Жер дегенде бұққан емес бұл қазақ
Жер дегенде жанталасып өліскен.
Жаңа қазақ жадыңа тұт өзгерген,
-Есіңде ме?
“Қараш-қараш” оқиғасы сөз көркем.
Жаңа ғасыр «Саймасайы» сен болсаң,
«Бақтұғылдар» жанамын деп,
Лапылдап тұр ескертем!