Тәуелсіздік туындысы Астана

Астанадай інісі бар «мәңгілік»,

Алматының кеудесінде сан күдік.

Төбесінде найзағайлар шатынап

Алатау тұр даласына паң күліп.

 

Бастау алған Көктөбесі көктемнен,

Қызғалдақтар бүрін жарған шоқ демнен.

Желтоқсаннның алаңы бар жаралы

Отаршылдық қамытына жоқ деген.

 

 

Қабырғасын сөгіп тастап құлдықтың,

Кеселденген бетін ашып шындықтың,

Қайратыңды құрбандыққа шалдың да

Қазақ үшін намыс жыртып ту тіктің.

 

Алматының азаттығы хас сана,

Шерулерің жарасады жас қала.

Желтоқсанның құрсағында толғатқан

Тәуелсіздік туындысы Астана.

 

Тәу етіп тұр,

Желтоқсанның алаңына сен келіп,

Ұлыларға Алматыңды  тең көріп.

Жұлып алып ақ жүрегін ұсынып,

Кеткен жоқ па ,

Бодандықты

Үш жүз жылдық төңкеріп.

 

 Алатауы  даралатқан данасын,

Азаттықтың семсерінде бар асыл.

Ерліктерге жарасады дара сын

Сөзіңді айт,

Мына жатқан тастарға

Гүліңді қой,

Сипалап кет жарасын!