Желтоқсан алаңы
Желтоқсан алаңында,
Сарғайған ескіріп гүл.
Қоғамның тар кеудесі
Әлденеден сескеніп тұр.
Алатау абаданым,
Қарайды аспаныма.
Көз жастың құрғап қалған
Жұмбағын ашқаны ма?
Қаратас қайым дүние,
Куәгер емес пе еді?...
Шаш аппақ,жалаң аяқ
Қайраттың елестері.
Қастерлі фәни жырдың,
Бұл жерде дірілі бар!
Мерейлі мінбелердің
Сен десе ұғымы тар.
Әзірге жауабы жоқ,
Биліктен достан-қайыр.
Қанменен түзеткен ед
Тарихты жасындай жыр...
Шаш аппақ жалаң аяқ
Желтоқсан-Пайғамбар рух,
Жер шарын ысындырып
Суындырып
Ешкімнен жасқанбай тұр.