Ережесіз төбелес

Менің бабам аңғал және ер еді,

Алласына, алашына сенеді.

Құлан жортқан құба жонды  даламнан

Айқастардың от тынысы келеді.

 

Ұрпағына өсиетін жеткізген,

Шерге шерлі сақтандырған тексізден

Сүйегінде болмасын деп таңбасы

Бабам менің

Ерегісін

Ережемен өткізген.

 

 

Сол ұрпақтың өзгергенін байқадым,

Куәсімін қозып кеткен сайтанның.

Бұл ғаламның  кескінінде кесепат

Құлпыртады неше түрлі сайқалын.

 

Өмірде де, өлеңде де көп елес,

Нарық заңның малтасында көп егес.

Жалақтаған жалтаңдаған қан ғасыр

Аз болғандай дүниенің  сұмдығы

Ойлап тапты ережесіз төбелес.

 

Тақыршылық, тақымкешті  ит өмір ,

Бөленеді өзгеше ой күйге бір.

Қаталдығын бұл өмірдің қарашы

Бірін бірі аямайды құл жебір.

 

Құран жыры ал пендеңді жебеп көр ,

Залым қулар , қанның исі себепкер.

Азап шекті – ау, ақындардың жырлары

Өз бауырын тепкілетіп төбеттер .

 

Зәулім залда масайрайды мас қауым,

Желбіретіп

Ережесіз төбелестің шашбауын.

Алаң болма , ақыл ойы адамның

Бұл ғасырдың балалары тас бауыр!