Жыртық шалбар
Жан арбаған салтанатқа жолықтым,
Есігімде жын шайтаны тамұқтың.
Замананың дауылы ма о,сұмдық
Сәнқой заман
Сені көріп қамықтым.
Түсінбедім қарындасым мен сені,
Жыртық шалбар көтере ме еңсені.
Анам байғұс қазақ деген намысшыл
Жыртық шалбар жаман ырым деуші еді.
Қалғаны ма намыстары тапталып,
Жыртық шалбар бөкселерге шақ қонып.
Кетті маған кеудеме бір шоқ тамып.
Өз міндетін Еуропа тұр атқарып
Жаман ырым шақырмағын қазаққа,
Онсыздағы тарих толы азапқа.
Қасіретті күн тудыма басыңа
Арбалдың ба, алдандың ба дозаққа
Жаман ырым жыртық шалбар қазаққа.
Бойым мұздап кеудем кетті ысынып,
Қақтанды ой өз-өзінен қысылып.
Мырс-мырс күлген,жыртық шалбар шала мас
Бара жатыр
Ұяттардың перделерін ысырып
О,сұлулық
Сен мені
Мен сені тұрғаным жоқ түсініп...
Санада батыстың тұманы
Үзірлі рухыңа
Кім екен кінәлі?!