Астанаға ашық хат

 Несіне таңданамын,

Несіне мұңданамын.

Өгейсіп  тұрса мені ,

Музасы бұл қаланың.

 

Тіршілік алдау-амал,

Айналам қорған қамал.

Еркелей алмас мұнда

Даланың желі самал.

 

 

Белінде белестердің,

Ереуіл егестерім.

Бұл қала неге бөтен,

Егесі емес пе едім.

 

Жабырқау көңіл көктің

Түнегін сөгіп өттім.

Шағындым тас тағына,

Керей мен Жәнібектің.

 

Түсінбей жүректерді,

Қайшылық  күдіктерді.

Ауылға қайтып барам

Арқалап үміттерді.

 

Сезімнің сыздағанын,

Сеземін мұздағанын.

Астана ару қала

Сүйдірме өзгелерге,

Мен сені қызғанамын!

 

Астана – Нұрсұлтан болып өзгерген соң туған ой:

Астана мәлім болды бізге жайың ,

Аңсатып еркіндікте туған айым.

Нұрсұлтан ер есімі емеспе ол !

Сондықтан енді оны қызғанбаймын!