Махаббаттан мән кетіп
Махаббаттан мән кетіп
Мадырайды мәңгүрттік.
Іріген,шіріген капитализм ед
Жаңғырттық.
Күйкі тірлікті күлтөбеде күн айтып
Тілге,жерге келгенде
Оза шапты салғырттық.
Айға ұштық есігін қағып жасағанның,
Қазақтың байлығы
Ұстағанның қолында,аузында асағанның.
Алып «Вампирлер» қазақтың желкесінде
Сорып жатыр қара қанын Қашағанның.
О,жасағаным,
Соқ-соқ жүрек,тасы қаным,
Шулап жатыр шоу бизнес жасық әнім.
Табандарға тапталып асыл мұрат
Сайқалына батыстың тамсанасың.
Әулие ғаламтор
Шайтан күлкі торын құрып,
Кеудеге құрт түсті сорып құрып.
Бақа шаян іріңдетіп іргемді,
Абылайдың отырмын түсін жорып...
Күшіктеген күнде-күнде мәңгүрт құл,
Сары шаян қазақтың балапанын
Шағар кезін аңдып тұр.