Адамдарға
Адамдармен тілдесем,
Адамдармен жүздесем.
Адамдармен алысып,
Адамдармен бірге өсем.
Адамдармен дос болып,
Адамдармен қас болам.
Адамдармен шаттанып,
Адамдармен мас болам.
Адамдарға таңданам,
Адамдарға жалданам.
Адамдарға сенемін,
Адамдарға алданам.
Адамдарға ақталам,
Адамдарға тапталам.
Адамдарға қол созып,
Адамдардан сақтанам.
Адамдарға қарызбын,
Адамдарға арызбын.
Адамдармен көп болып,
Адамдармен жалғызбын.