Тұр екен бәрі Құранда...
Іздедім, шарлап, шындықты,
Опасыз мына өмірден.
Тауларға барып сұрап ем,
Ол мылқау екен көмілген.
Іздедім ,жаным, шындықты,
Опасыз мына өмірден.
Теңізге барып сұрап ем,
Көр болды терең көрінген.
Іздедім, жаным, шындықты,
Опасыз мына өмірден.
Даладан барып сұрап ем,
Тас керең екен егілген.
Іздедім, жаным, шындықты,
Опасыз мына өмірден.
Аспанға қарап сұрап ем,
Шайқады басын өкінген.
Жолыңа енді шығам ба?
Шындықтың аулы шығанда....
Алладан сосын сұрап ем,
Тұр екен бәрі Құранда.