Қурай
Сызылтқан мен де сырнаймын,
Даламды желдей жырлаймын.
Жусаныма да жалғыз түп,
Өлең –жырымды арнаймын.
Сырнаймын, бәлкім қураймын,
Болсаңда қурай қимаймын..
Бозторғай құспен қосылып,
Кеудеге қуыс сыймаймын.
Кей-кейде сары қураймын,
Қойқапта ойды ырғаймын..
Қырымнан кетсе қу қурай,
Мәңгілік мен де тұрмаймын.
Өзіңмен қурай, жырлаймын,
Ернімді шықпен сулаймын.
Сыбызғы қонған сырыңнан,
Сусындап алып тулаймын.
Үнімді салған қурайсың,
Қурай да болсаң ұнайсың.
Қурайдың тілі құрғатып,
Кеудемді менің тырнайсың.
Қурайым желге құлаймын,
Құрағын қырдың құраймын.
Төбеге тоқал томпайып,
Қураймен мен де қураймын.
Сен де бір күн қурайсың,
Мен де бір күн қураймын...