Табыттағы ой

Иманым ұйып қамдансын,

Көрейін жатып табытқа.

Ажалдың өзі таңдансын,

Өлімнен келген шабытқа.

 

 

Ашамын табыт қақпағын,

Тірімде өліп көрмек боп.

Ішімнен айттым сақтағын,

Жеткенде ауа кермек боп.

 

Үрейді! жеңіп үгіттім,

Қайғысын езді жамбасым.

Сезінді сырын үміттің,

Табытта жатып шаң басым.

 

Қорқыныш елес шарықтап,

Тазарып жаным ой ұқтым.

Адамның құнын анықтап,

Кеселден біраз айықтым.

 

Алданды бәрі малданды,

Дүние деген мұзыңмен.

Күрсінген демім жалғасты,

Сырттағы шыбын ызыңмен