Сағыну

Сен маған аппақ таңсың, аңсағаным,

Сен деймін сергітетін таң самалын.

Өзіңді сағынумен күн кешемін,

Басылар сені көрсем шаршағаным.

 

 

Әнім боп жүрек сырын тербететін,

Күнім көп күрсінетін, сенделетін.

Іздеймін әсем кешті бірге болған,

Дертімді саған айтып емделетін.

 

Сағынбай қалай ғана тұра аламын,

Өзіңнен өзгеше бір жыр аламын.

Басыңды кеудеме бір қойсаң болды,

Көзіңнен жауап тауып жұбанамын.

 

Мен үшін бәрі сенен басталады,

Қойсам да өкпелетіп басқаларды.

Сен барда бәрі маған дос болады,

Сен жоқта барлық дүние бос қалады!