Әбілда Аймақ
- Подробности
- Категория: Пікірлер
Шымкенттік ақын, ұлтымыздың жанашыры, Құрал Көмектің «мен – даланың ұлымын» атты толғау-панорамасы еркін тыныспен, өзіне тән ерекше серпінмен жазылған жаңа жыр. Панорамада ақынның лирикалық кейіпкері – түркі тектес қазақ. 500 жолдан асатын аса ауқымды мәселені көтерген толғау-панорама Қазақ мемлекетінің мәртебесін асқақтатып, жаңа заманның жаңа тарихын толғайды, болашақтың иесі жастарымызды елжандылыққа, ұлтын сүюге, патриоттық тәрбиеге баулиды. Бастан-аяқ үлкен жүрекпен, оптимистік жалындаған сезіммен жырланған толғау-панораманы оқып шыққан кісі, шынында да, өзінің қазақ болып туғанына қуанады. Жалғыз қазақ елінің ғана емес, бұл жыр – бүкіл түркі әлемінің ортақ қазынасына айналғалы тұрған шығарма.
Әбілда Аймақ,
Жазушылар одағы ОҚО филиалының
директоры, Халықаралық Физули
сыйлығының лауреаты, ақын.