Проф. Док. Нұруллаһ Четин Анкара

Түрки Қазақстан ақындарының көшін бастаушыларының бірі болған Құрал Көмек бауырымыз, бұл еңбегінде өте маңызды өлеңіне орын бөледі. «Сенімнің жеңісі»“. Ақын осы жыр шумақтары арқылы Қазақстандық түріктің Туркия түрктерінің тағдырын шешуші  Чанакқала соғысы жайында бауырмашылдық сезімдерін әсерлі де мәнерлі етіп жеткізіп отыр.

Бұл сезімдер, түрік бауырмашылдығының ең маңызды белгілері. Біз Туркия түріктері ретінде Орыспен Қытай зұлымдығының астында ұлыған Батыс және Шығыс Түркістан түріктерінің қайғы – қасіреттерін қалай сезінген болсақ, Түркістан түріктерінің егемендігі үшін қалай дұға жасаған болсақ, Қазақстан түріктерінің құрметті ақыны Құрал Көмек те Туркия түріктерінің Чанакқала жеңісі үшін дәл сондай сезімдерді сезінген екен.

Біз бұны біліп өте бақытты болдық. Өзін де осы көркем жыр шумақтарын жазғаны үшін құттықтаймыз!

Тұранистік ой дүниенің қай жерінде болмасын өмір сүріп жатқан түріктердің бірлік, тепе-теңдік, бауырмашылдық рухы және санасы. Бұл бірлік рухының маңызы, 7 егеменді түрік елдері және ондаған түрік ұйымдарының саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық, әскери алаңдарда бірлігін қамтамасыз ету. Егер бүкүл дүние түріктері осы  (идеяны) қолдаса, онда әрі Түріктердің бақыты мен тыныштығы әрі дүниенің қалған бөлігінің бейбітшілігі мен қуанышына тірек болары сөзсіз. Себебі күшті Түрік бірлігі дегеніміз әлемдік жүйе дегеніміз.

Толығырақ:

Мекемтас Мырзахметұлы

Ақын Құрал Көмек — жаңа ғасырдың екінші "Мағжаны".

Профессор Ысқақ Бегман

Ақын Құрал Көмектің бұл кітабы бүлдіршіндерге арналады. Болашақ ұрпақ тәрбиесінде халықтық педагогика мен ұлттық салт-дәстүріміздің сіңірер еңбегі орасан зор. Онсыз берілген тәрбие де, білім де өркениетке апара алмайды. Бүлдіршіндердің жеке тұлғасын, олардың дүниетанымын, өз еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыруды бүлдіршін кезінен бастап тәрбиелеу керек. Біздің ежелгі танымдық дүниелеріміз, жұмбақтар мен жаңылтпаштар бұл орайда таптырмайтын әдістемелік жәрдем. Еліміз тәуелсіздігін алғалы да көп нәрсе өзгерді. Ұлттық құндылықтарымыз жаңаша бастау алды. Ендеше сол ұлттық құндылықтарымыздан алыстап кетпейік. Барымызды сақтап, оны нәрлендіру бізге парыз. Мына төмендегі жұмбақтап айтқан танымдық шумақтар, өлеңдер бастауыш мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал болып, шәкірт санасына сәуле шашып, кеудесіне мақтаныш ұялатсын деймін. Тәуелсіз мемлекетіміздің мерейі үстем болсын.

Профессор Ысқақ Бегман