Профессор Ысқақ Бегман

Ақын Құрал Көмектің бұл кітабы бүлдіршіндерге арналады. Болашақ ұрпақ тәрбиесінде халықтық педагогика мен ұлттық салт-дәстүріміздің сіңірер еңбегі орасан зор. Онсыз берілген тәрбие де, білім де өркениетке апара алмайды. Бүлдіршіндердің жеке тұлғасын, олардың дүниетанымын, өз еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыруды бүлдіршін кезінен бастап тәрбиелеу керек. Біздің ежелгі танымдық дүниелеріміз, жұмбақтар мен жаңылтпаштар бұл орайда таптырмайтын әдістемелік жәрдем. Еліміз тәуелсіздігін алғалы да көп нәрсе өзгерді. Ұлттық құндылықтарымыз жаңаша бастау алды. Ендеше сол ұлттық құндылықтарымыздан алыстап кетпейік. Барымызды сақтап, оны нәрлендіру бізге парыз. Мына төмендегі жұмбақтап айтқан танымдық шумақтар, өлеңдер бастауыш мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал болып, шәкірт санасына сәуле шашып, кеудесіне мақтаныш ұялатсын деймін. Тәуелсіз мемлекетіміздің мерейі үстем болсын.

Профессор Ысқақ Бегман