Мұхтар Шаханов

Ақын Құрал Көмектің Түркиядағы Шанаққаланың жүзжылдығына арнап жазған «Сенім жеңсі» поэмаснда Сейіт деген азаматтың өсу, толысу кезеңдері жан-жақты суреттеледі. Кейіннен Сейіттің рухсыздық арқалаған жауға қарсы елдік, ұлттық мүдде жетегінде дара мінез көрсеткендігі ақындық сезім аясында баяндалады.

         Қазір көптеген мемлекеттерде және біздің елде де материалдық байлықтың, спорттың, жеңіл әндердің бірінші қатарға шығып, адамды адам ететін рухани құндылықтардың ең кейінгі қатарға ысырылуына орай, қалың қауымның түсінігі де, бір-бірін түсінуі де үлкен өзгеріске ұшыраған. Осыған орай, мен мынадай жаңа ұстаным жарияладым: «Кім шындығын жоғалтып алса, «ақты - ақ, қараны - қара» деп айта алмаса, яғни, сөзі басқа, ісі басқа болса, және елдік, ұлттық мүддеге терең тамыр жібере алмаса, мейлі ол жүз жерден үлкен жазушы, үлкен ақын, үлкен ғалым, үлкен саясаткер болсын, ол өз халқының шындықтан бойын аулақ салған, рухани мазмұнсыз, мағынасыз перзенті».

Осы шағын поэманың авторы Құрал Көмекті де сол биіктен көрер болайық.