Жердегі ой
Қиял арман
Кетті түлеп от алып,
Қайдағы бір дүниәуй
Тірлік шықты тұтанып.
Доңыздық пен қоңыздық
Тырбаңдайды өрмелеп
Миығынан күліп тұр
Аспандағы күш алып.
Еркін самал
Тербетеді жас талды,
Көріп тұрмын достарды
Сезіп тұрмын қастарды.
Анау тұста жемқорлық
Мына тұста күншілдік
Алауыздық рушылдық
Екі жүзділік басталды.
Жердің үсті қуаныш аз азасы көп,
Тіршіліктің табаны басады кеп.
Талтаңдаған, жалтаңдаған жарлы күн
Көкке қарап тамсанып еріндерін
ХаҺ нұрына тосады кеп.
Бірде құлап, бірде тұрып ой қазам,
Түркістанда Яссауи,Түскістанда Тайқазан.
Бақ талас, тақ талас,арыз тыңдар ешкім жоқ
Билет барма қарындас?!
Ұшқым келді қайтадан.
Алматы аэропорты