Аспандағы ой
Кешір Алла,
Кешір Алла,
Тобамды неден жаңылдым,
Шынайылық қорқыныш
Қаһарынан тәңірдің.
Бір Алла,ия,ия бір Алла досым екен
Мен пақырмын
Пенделігім басым екен.
Жаратқан жаббар аллеиһім
Бәрінен биік
Бәрінен сол бекем екен.
Адыра қалғыр дүние қатын балаң,
Жаратқан ием жаратқан жатыр ғалам.
Бас иемін күнәмді қанша сезіп тұр
Рахымында көлеңке жоқ жатырқаған
Болғанменен кеудемде жырым нұрлы,
Сезбегенмін қалайша бұрын мұны,
Өзімді-өзім танымай ұшын келем
Жан дегенің әншейін тозаң екен
Жұмыр жерде дәрмен жоқ шыбын құрлы.
Кеңістік,
Тәңірім әп-сәтте саралатты,
Оу,пақырлар бас иіндер адам атты,
Аспанда алланың аппақ жолы бар
Бір топ жолаушы жерден алыстап
Аллаға жақындап
Исламбұлға бара жатты!
Алматы-Ыстамбұл бағытындағы ұшақ