Жаратқан ием жарылқа!
Көкбөрідей рухымнан,
Көктөбедей қалыпты.
Алаш деген алыптан,
Аттөбелі қалыпты.
Інжу – маржан тілімнен
Ілерлігі қалыпты.
Жомарттықтан жоралғы
Жұрнақтары қалыпты.
Наркескендей намыстан,
Нар шөккен жер қалыпты.
Шынайылық шындықтан,
Шырыл ғана қалыпты.
Қайраңдағы шабақтай,
Қамат күндер қалыпты.
Жебеп жібер ей, Алла!
Қазақ деген халықты!