Қолыңды берші көктем гүл

 

Әне жатыр анау қырда,
Ару айың шалқалап.
Бала бұлттар бара жатыр
Қоржындарын арқалап.

Үйір-үйір жылқы жұлдыз,
Шұрқырайды кісінеп.
Манаурайды түн мақпал
Момын қырлар есінеп.

 

Аңқып жусан жұпарым,
Аура-самал шарабым.
Тарқатып түннің бұрымын
Сағымға сіңіп барамын.

Аспанның сүйіп кеудесін,
Тұрғандай таулар тербеліп
.Ақ көйлек киген аппақ нұр
Қырларды кезген еркелік.

Жанымды менің жұбатпақ,
Тырна көктем тыраулап
Көрпесін қымтап төбелер
Ұйқыға кетті бір аунап.

Күтеді дала дөң белес,
Қуаныш және нелер мұң.
Жұпарың сіңсің жаныма
Қолыңды берші көктем гүл!