Желтоқсан — қазақтың рух алаңы.
Желтоқсан алаңында,
Сарғайған ескіріп гүл.
Қоғамның тар кеудесі
Әлденеден сескеніп тұр.
Қаратас қайым дүние,
Куәгер емес пе еді?...
Шаш аппақ, жалаң аяқ
Қайраттың елестері.
Алатау абаданым,
Қарайды аспаныма.
Көз жастың құрғап қалған
Жұмбағын ашқаны ма?
Қастерлі фәни жырдың,
Бұл жерде дірілі бар!
Мерейлі мінберлердің
Сен десе ұғымы тар.
Әзірге жауабы жоқ,
Биліктен достан-қайыр.
Қанменен түзеткен ед
Тарихты жасындай жыр...
Желтоқсан алаңында,
Қайсар рух — ұлттық намыс.
Жер шарын ойландырып
Ешкімнен жасқанбай тұр.